Шымкенттің жаңа әуежайы келесі жылы наурызда ашылады - Әйтенов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттің жаңа әуежайы келесі жылы наурызда ашылады - Әйтенов

04.12.2020

Шымкентте 3 индустриалды аймақ құрылады. Баспасөз алаңында қала әкімі Мұрат Әйтенов өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы жайлы есеп берді. Жобаның алғашқысы «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Мұнда құрылыс, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі дамиды. Аумағы 136 гектар жерге заманауи жылыжай кешені салынады. Оның аясында 28 жоба іске асады.  

Ал «Бозарық» тамақ өнеркәсібі бойынша биологиялық қоспасы бар құнарлы жем мен сүт өндіру зауыты бой көтереді. Мұнда шетел инвесторларымен бірлескен жобалар жүзеге асады. Ал халықты сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95 пайыз . Әкім келер жылы бұл көрсеткіш жүзге жетеді дейді. Өткен жылдан бері салынып жатқан жаңа әуежай келер жылы қолданысқа берілмек.  

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
Біз биылдың өзінде құрылыс жұмыстарын аяқтар едік. Бірақ өкінішке қарай пандемияның салдарынан шетелден келуі тиіс көптеген құрал уақытында келмей қалды. Наурыз мейрамына дейін аяқтаймыз деген жоспар бар. Бәрі жақсы болса наурыз айында іске қосамыз. Бұл басқа қалаға қарағанда ең үлкен әуежай болады. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу