Биыл Шымкент қаласының жаңа бас жоспары бектіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шымкент қаласының жаңа бас жоспары бектіледі

23.02.2023

Биыл Шымкенттің жаңа бас жоспары бекітілмек. Президенттің тапсырмасына сай, жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған шаһар әкімі Мұрат Әйтенов айтты. Сонымен бірге, мегаполисте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, 25 мектеп салу жоспарланған. Қала басшысы Президентке үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Кездесу соңына Қасым-Жомарт Тоқаев, Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

Қосымша Мемлекет басшысына жалпы, бүгінгі күнде қаланың бас жоспарын жасап жатқанын, оны биыл аяқтап мемлекетке ұсынылатыны, қандай өзгерістер болатыны бәрі баяндалды. Мемлекет басшысы жалпы, осы Шымкент қаласын әрі қарай дамытуға тапсырма берді.

Асылбек Данияр 

Хабарламаларға жазылу