Қостанай облысында құны 52 млн теңге болатын медицина жабдықтарын заңсыз шекара асырмақ болғандар ұсталды. Алдымен «Қайрақ» бекетінде ресейлік көлікті тексеру кезінде 600 дана індетке қарсы қорғаныш киімдері табылған. Оның жалпы құны 7 млн 750 мың теңге деп бағаланды. Кейін «Аят» бекетінде Алматыдан Ресейдің Челябі қаласына бет алған көліктен 45 млн теңгенің медицина жабдықтары табылды. Атап айтқанда, күдіктілер дәрі-дәрмектің 91 түрін, 2,5 мыңнан астам бетперде, 1700 медициналық қолғапты шекарадан заңсыз алып өтпек болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек