Мониторингтік топтардың жұмысын бақылау қажет - Перуашев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мониторингтік топтардың жұмысын бақылау қажет - Перуашев

02.12.2020

Мониторингтік топтардың жұмысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бақылауға алуы тиіс. Себебі, олардың кейбірі кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген ақпарат тарап жатыр. Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев осылай деп Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Кей өңірлерде топ өкілдері лауазымды тұлғалардың туыстарына тиесілі дәмханаларды тексермейтін көрінеді. Нәтижесінде тамақтану немесе көңіл көтеру орындары тәулік бойы жұмыс істейді, - деді депутат. Сондықтан, мониторингтік топтардың қызметі мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын бірыңғай реттеуді жетілдіру қажет деп есептейді.  

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
-Кейбір топ жетекшілерінің 50 мың теңге көлемінде апталық тариф енгізіп, ақша жинағаны жайлы да деректер бар. Егер ірі қалалар мен облыс орталықтарында шамамен 2 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны мен басқа да қызмет көрсету нысандары бар екенін ескерсек, әрбір шаһарда тексерушілердің жемқорлық кірісі 100 миллион теңгеден асуы мүмкін. 

Дарын Сағитов  


Мониторингтік топ Перуашев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақ жол

Хабарламаларға жазылу