Батыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап карантин күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап карантин күшейеді

23.11.2020

Ақмола облысы қызыл аймаққа енді.Жақын күндері шектеу шаралары катаңдатылуы мүмкін. Ал, Батыс Қазақстан облысында ертеңнен бастап карантин күшейеді. Түнде жүруге тыйым салынып, жексенбіде сауда үйлері жұмысын тоқтатады. Мемлекеттік қызметкерлердің 80 пайызы, жеке сектор жұмысшыларының 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Ал бұған дейін ашылған санитарлық бекеттер жабылады. Бұдан былай карантин қағидасын бұзғандардың барлығы қатаң жазаланады.

Әдемі Хасанова, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы: 
-Ендігі уақытта көпшілік шараға қатысқандарға да мониторингтік топтардың материалдары толтырылды, біздің аумақтық санитариялық эпидемиологиялық басқармаларға материалдар жіберілетін болса бұл істер де аумақтық басқармаларда қаралатын болады. 



Батыс Қазақстан облысы карантин санитарлық бекет

Хабарламаларға жазылу