Елімізде Тәуелсіздік күніне орай алғаш рет онлайн диктант өткізіледі. Шара Волонтер жылына орай ұйымдастырылады. Сонымен бірге қазақтың асар дәстүрі тақырыпқа арқау болмақ.
Жаңа жобаға кез келген қазақстандық қатыса алады және бағалы сыйлықтарға ие болу мүмкіндігі бар. Ол үшін шара өтетін күні, яғни, 15 желтоқсанда арнайы сайтқа тіркелу қажет. Ал диктанттың мәтінін елге белгілі журналистер мен ұстаздар оқиды.
Айсұлу Мұстапаева, ұйымдастырушы компанияның өкілі:Мақсатымыз - бүгінгі таңда қазақ тілінің деңгейін, оның қолданылуын одан әрі арттыру. Алматының тұрғындары ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша қазақ тіліңнің деңгейін тексеруге, сауаттылығыңды арттыруға көмектесетін тамаша мүмкіндік.
Нұрхан Нұрланұлы