Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық арнаға сұхбат берді. Тұңғыш Президентпен телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбай сұхбаттасты. Оның негізінде «Түркістан: көне мен келешек көпірі» атты фильм әзірленді.
Жобада Нұрсұлтан Әбішұлы Түркістан қаласының қайта жаңғыруы, тарихи шешімнің мәні мен маңызы, көне шаһардың туристік әлеуеті, халықаралық аренадағы беделі туралы жан-жақты баяндайды. Сондай-ақ, Түркістанның Орталық Азиядағы және түркі әлеміндегі орны, «Керуен-сарай» көпфункционалдық туристік кешенінің әлеуеті мен қаланы дамыту жобаларының нәтижесі туралы айтады.
Бұдан өзге, Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жобаларымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласының жоспары мен тәуелсіздік тақырыбы да сөз болды. Деректі фильмді біздің арнадан ертең сағат 20:00-де көре аласыздар.
Фариза Мұсақызы