Синоптиктер 1-3 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.
«Елімізге Моңғол антициклоны ықпалын тигізе береді, осылайша, жауын-шашынсыз ауа райын сақталып, республиканың басым бөлігіне аяз түседі. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста Оңтүстік циклонның әсерінен қар жауады», - деп хабарлады Қазгидромет.
Алдағы үш күнде еліміздің кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді.