ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ұйымының 51-ші жалпы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД Парламентаралық Ассамблеясы ұйымының 51-ші жалпы отырысы өтті

27.11.2020

Пандемиямен күрес бойынша қабылдап жатқан заңнамалық шаралар және Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық ынтымақтастық жайы. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің онлайн отырысына осы мәселелер арқау болды. Оған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және Парламент депутаттары қатысты. Отырыс барысында Кеңес төрағасы да сайланды. Бұл лауазымды енді Валентина Матвиенко атқарады.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихатқа сайлау өтетінін атап өтіп, әріптестерін сайлауға байқаушыларды жіберуге шақырды. Сенат Төрағасы соңғы уақытта еліміздегі саяси салада елеулі өзгерістер жүзеге асып жатқанына тоқталып, парламенттік оппозицияның жаңа институты туралы да сөз қозғады. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы: 
Ел Президентінің бастамасымен парламенттік оппозиция институты заң жүзінде бекітілді. Мәжіліске өткен оппозициялық партияларға комитеттер құрамында басшылық лауазымдарды атқару құқығына кепілдік берілген. Парламенттік оппозицияға парламенттік тыңдауларға бастамашылық жасау, баламалы заң жобаларын енгізу және Мәжілістегі Үкімет сағатының күн тәртібін бекіту мүмкіндігі беріледі. 

Ләйлә Дулатқызы 

ТМД парламентаралық ассамблея ұйым Мәулен Әшімбаев

Хабарламаларға жазылу