Алматы облысында «Таңбалы» қорық-музейінің сапар орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында «Таңбалы» қорық-музейінің сапар орталығы ашылды

27.11.2020

Алматы облысы Қарабастау ауылында «Таңбалы» қорық-музейінің сапар орталығы ашылды. Нысанның құрылысы екі жыл жыл жүргізілсе, биыл көрме залы тарихи жәдігерлермен толтырылған. Салтанатты шараға қатысқан Мәдениет және спорт вице-министрі мен тарихшылар Жетісудың жартас өнері жайында баяндама жасап, жаңа музейдің маңыздылығын атап өтті.

Сабырбек Кемелбаев, «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінің инспекторы:
Бұл жерде жеке көрме залымыз бар. Қазбадан шыққан қыш құмыралар, садақтың оқтары жинақталған. Одан кейін өзіміздің кітапханамыз бар. Осы жердегі қызмет еткен азаматтардың жазған кітаптары, монографиялары жинақталған.

Қуаныш Қанатұлы

Таңбалы музей

Хабарламаларға жазылу