Елімізде жалған нөмірмен жүретін көлік жүргізушілері көбейіп барады. Атырауда бірнеше мәрте жол ережесін бұзған 24 жасар тұрғын ұсталды. Ол жалған нөмірмен 104 мәрте ереже бұзып, 2 млн теңгеден артық айыппұлды төлемеген. Полицейлер «Toyota Camry» маркалы темір тұлпарды тізгіндеген бұзақыны ұстаған бойда ереже бұзғаны үшін 9 хаттама толтырып, тағы 180 мың теңге айыппұл салды. Көлік айып тұрағына қойылды.
Жандос Темірғали