Заңсыздыққа барған 305 кәсіпкерге 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заңсыздыққа барған 305 кәсіпкерге 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

23.11.2020

Тұтынушыларға фискалды чек бермеген 5 мыңнан аса кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал бір емес бірнеше рет заңсыздыққа барған 305 кәсіпкерге 10 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Кірістер комитеті көбіне тұрғын үй маңайында орналасқан дүкендер, дүңгіршек пен сауда орталықтары түбертек бермейтінін анықтаған.

Сонымен қатар асхана, мейрамханалар да фискалды чек бермейді. Заңды әсіресе Алматы, Солтүстік және Батыс Қазақстан облысындағы бизнес өкілдері бұзған. Бұдан бөлек Кірістер комитеті телефон арқылы жасалатын төлемді ақшалай есеп айырысумен теңестіру үшін заңға өзгерту енгізуді ұсынды.   

Ақерке Бектас


Заңсыздық кәсіпкер айыппұл

Хабарламаларға жазылу