Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді. Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі, дәрілік заттардың бағасына қатысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин есеп берді.
Қазір «Қызыл аймақта» 5 өңір қалып отыр: Олар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары. Денсаулық сақтау министрлігіне дәрі-дәрмектің шекті құнын төмендету, бағаны реттеу тәртібін өзгерту тапсырылды.