Үкімет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді

11.06.2020

Сәуір айымен салыстырғанда мамыр айында елдегі сауда-саттық көлемі 28 пайызға артқан. Ал осы аралықта негізгі капиталға салынған инвестиция 32 процентке көбейді. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Үкімет басшысы шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Асқар Мамин отандық нарыққа қаржы тарту үшін ел экономикасын тартымды әрі бәсекеге қабілетті ете түсу маңызды екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар одан сайын ширай түспек. Ол үшін 2025 жылға дейін жұмыс жоспары да әзірленген.

Сондай-ақ Асқар Мамин отандық кәсіпкерлермен бизнес белсенділікті қалпына келтіру жайын талқылады. Еліміздің барлық өңірінен 200-ден аса кәсіпкер байланысқа шығып, өз ұсыныстарын айтты. Несиені кейінге шегеру, субсидия, тендер тақырыптары сөз болды. Үкімет басшысы бизнестің өзекті мәселелерін шешу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу