Таразда карантин жеңілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда карантин жеңілдеді

20.11.2020

Жамбыл облысында жексенбі және мереке күндері қоғамдық көліктің жүруіне рұқсат етілді. Мұндай шешім аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты қабылданды. Сондай-ақ, мейрамханаларға да көпшілік тамақтанатын орын ретінде 50 адамға дейін қабылдап, жұмыс істеуіне болады. Алайда сақтық шаралары сақталуы тиіс. 

Гауһар Макуетова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің бөлім басшысы:
 Тек қана адамдардың күнделікті тамақтануына таңғы ас, түскі асты ішіп шығып кетіп, яғни ол арада церкулация болу керек. Барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтауларыңызды сұраймыз, оның ішінде бетперде және әлеуметтік қашықтықты сақтау, сонымен қатар автобустан шыққан кезде қолды антисептикпен өңдеу керек. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу