Қызылорда облысында қатты аяздың салдарынан автокөліктер күрежолда қалуда. Полиция инспекторлары үш күнде 40-тан аса жүргізушіге көмек көрсетіп, жақын елді мекендерге жетуіне жәрдемдескен.
«Самара-Шымкент» тасжолында қалғандардың көбі - жүк тасымалдайтын көліктер. Ызғардан дизель жанармайы қатып, әбден әбігерге түскен. Арнайы ауыр техника көмекке келіп, көліктер сервистік орталықтарға жеткізілген. Алыс сапарға қатынайтын жүргізушілерге әзірге жолға шықпауға кеңес беріледі.
Әділбек Серікұлы