Өзін-өзі жариялаған Луганск халық республикасының басшысы Игорь Плотницкийге жасалған қастандық әрекеттерінен соң ол ауруханаға жеткізілді.
Бұл туралы ЛуганскАқпаратОрталығы хабарлайды.
«Плотницкий бүгін таңертең көлігінің жанында болған мықты жарылыстан кейін жарақат алды»,-делінген агенттіктің ақпараттарында.
ЛХР-ның басшысы Луганск қаласының ауруханаларының біріне жеткізілген.
Жарылыс Луганскіде Карпин және Ватутин көшелерінің қиылысында болған. Жарылыстан сонымен қатар тағы бірнеше адам зардап шекті және сол аймақтағы көгалдар бүлінген. Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қазіргі таңда Плотницкийдің жағдайы тұрақты, өміріне төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлайды ТАСС.