Ұлттық банк шетел валютасына қатысты операцияларды шектемейді және кейінге шегермейді. Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабеков Bloomberg мақаласына қатысты осылай деп жауап берді. Ол валюта нарығындағы қысымды төмендету үшін Ұлттық банк пен Үкіметтің бірқатар шара қабылдағанын айтады. Яғни квазимемлекеттік сектордағы компаниялар өзінің валюталық операцияларын Ұлттық банкпен келісіп іске асыруы тиіс. Әлия Молдабеков Bloomberg мақаласындағы ақпараттың қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыруға қарсы шараларға қатысты болуы мүмкін дейді.
Ақерке Бектас