Қазақстанда коронавирус қарқыны бәсеңдер емес. Кеше 588 адамнан вирус анықталған. Оның жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Одан кейін Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында науқастар көп анықталған. Бұған қоса вирусты пневмония саны да азаяр емес. Өткен тәулікте 48 жағдай расталып отыр. 2 адам аурудан көз жұмған.