Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды

13.11.2020

Түркістан облысында «Indigo-24 Evolution» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар қамауға алынды. Тергеу барысында ұсталған 12 күдіктінің тұрғындарға 1,5 миллиард теңгеге жуық шығын келтіргені анықталып отыр. Күдіктілер Жетісай, Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары тұрғындарынан 1 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін ақша жинап алған. Жапа шеккендердің саны 1 жарым мыңнан асқан. Бүгінде ұсталғандардың аттарына тіркелген мүліктері анықталып, сот арқылы санкция салынды.  

Айнұр Ақбаева  


Түркістан облысы қаржы пирамидасы

Хабарламаларға жазылу