Бұл туралы бүгін 13 қарашада Үкімет қаулысы қабылданды.
«Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде: «Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын», делінген қаулыда.
Сондай-ақ, қаулыда осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні туралы хабарланды.