14-16 қарашада елімізде ауа температурасы біртіндеп төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.
«Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болады», - делінген хабарламада.
Түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градусқа дейін аяз болады, Оңтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста және шығыста ауа температурасы 2-13 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік жартысында көктайғақ болады.