Баспанаға сұраныс артқан сайын, бағасы да қымбаттап жатыр. Елде жаңа үйлердің құны 5%-ке, ал екінші деңгейлі нарықтағы пәтер бағасы 11%-ке қымбаттаған. Мамандардың пікірінше, үй сатып алуға арналған бағдарламаның көбеюі нарықта сұранысты арттырды. Жалпы биыл елде 245 мың тұрғын үй сатылған. Әсіресе «Шаңырақ» пен «7-20-25» бағдарламасы арқылы пәтер алушылар көп. Жаңа тұрғын үйлер құны Нұр-Сұлтанда 6%-ке өсіп, шаршы метрі 388 мыңнан асқан. Алматы, Шымкент, Атырауда баспана шарты метрінің орташа бағасы 360-330 мың теңгенің арасында. Екінші нарықтағы пәтердің шаршы метрі елордада 375 мың теңгеден асса, Атырау мен Ақтауда 265 мың теңге шамасында.
Нағима Әбубәкірова, тұрғын үй сату бөлімінің меңгерушісі:-Сұраныстың көбеюі елімізде болып жатқан карантинге байланысты. Азды-көпті қаражаты бар адамдар қаражатын сақтау мақсатында бірінші не екінші деңгейлі үйлерге салып жатыр.
Ақерке Бектас