Досаев валюта әлсіреуіне АҚШ-тағы президент сайлауы әсер еткенін айтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Досаев валюта әлсіреуіне АҚШ-тағы президент сайлауы әсер еткенін айтады

10.11.2020

Мұнай бағасы арзандаған соң теңгенің бағамы да теңселіп тұр. Бүгін сауда-саттықта ұлттық валюта долларға шаққанда 2 теңге 20 тиынға арзандап, 428 теңгені құрады. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев өткен айдан бері валюта әлсіреуіне коронавирустан бөлек, АҚШ-тағы президент сайлауы әсер еткенін айтады. Америкада саяси дода кезінде доллар құны біраз қымбаттаған. Айырбастау орындарында бүгін доллар 430-431, еуро 509, рубль 5,58 теңгеден саудаланды.  

Ақерке Бектас


Досаев валюта теңге

Хабарламаларға жазылу