АҚШ-тың Бас прокуроры сайлаудағы заңсыздықтарды тексеруге бұйрық берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Бас прокуроры сайлаудағы заңсыздықтарды тексеруге бұйрық берді

10.11.2020

АҚШ-тың Бас прокуроры федералдық прокурорларға сайлауда орын алуы мүмкін заңсыздықтарды тексеруге бұйрық берді. Бұл туралы «Ассошиэйтед пресс» агенттігі хабарлады. Осылайша, президент Трамптың шағымдарына алғаш рет ресми түрде назар аударылды. Дегенмен, Ақ үй қожайыны сайлау нәтижелерінің бұрмаланғанына нақты дәлел келтірген жоқ. Ол қоғамдық шараларға араласуды тоқтатса да, бүгін қорғаныс министрін отставкаға жіберді.

Енді Орталық барлау басқармасы мен Федералды тергеу бюросының директорлары орнынан кетеді деген болжам бар. Сайланған президент Джо Байден пандемиямен күресетін жұмыс тобын құрды. Алдағы бірнеше айда маска тақсақ, ондаған мың адамның өмірін сақтап қаламыз», - дейді ол. Ал, Байденнің командасы оның жеңісінің әлі ресми мойындалмауына қатысты наразылық білдіріп, сотқа жүгінуге әзіленіп жатыр.

Арыстан Рысбек

АҚШ Бас прокурор сайлау заңсыздық Трамп Джо Байден

Хабарламаларға жазылу