«Зейнетке шығу жасы төмендетілмейді». Премьер-Министр Асқар Мамин Мәжіліс депутаттарының зейнетке шығу жасын төмендету туралы ресми сауалына осылай жауап берді.
Айтуынша зейнетке шығу уақытын белгілеуде халықаралық тәжірибе негізге алынған. Оның үстіне қазіргі экономикалық ахуал мен демографиялық факторлар бұған жол бермейді, - дейді Премьер. Әрі жұмыспен қамтылған халық ішінде зейнеткерлер санының артып келе жатқанын ескерген жөн дейді. Бұған дейін мәжілісмендер зейнетке 60 жастан шығу туралы бастама көтерген еді.
Досжан Маратұлы