Келесі жылы әйелдердің зейнет жасы ұзарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келесі жылы әйелдердің зейнет жасы ұзарады

23.11.2017

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар ақшасын бұрынғыдай бірден емес, ай сайын бөліп алатын болады.

Бұл туралы бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрайымы Нұрбүбі Наурызбаева айтты. Ол зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын неге алуға болмайтынын түсіндірді. Оның сөзінше, халықтың орташа салымы 1 млн. теңге көлемінде. Ал, бұл қаржы бәрін қамтуға жетпейді. Өйткені, қазір орташа өмір сүру ұзақтығы ерлерде - 72, әйелдерде - 76 жас.

Сондай-ақ, 39 жасқа толмаған азаматтар шоғырландырылған зейнетақыны алмайды. Оларға тек базалық зейнетақы мен өздерінің жинаған сомасы беріледі. Тағы бір жаңалық, келесі жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұзарады.

Нұрбүбі Наурызбаева,  «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы:

 - Мысалы, 58-ге толған азаматшалар келесі жылдан бастап шығуға бұрын мүдделі болса, енді қазір 58 жас 6 айда ғана шығатын болады. Сөйтіп, әр жыл сайын 6 айдан қосылып отырады. 63 жасқа жеткенге дейін.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу