Үржар ауылындағы әуежай жаңғыртылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үржар ауылындағы әуежай жаңғыртылады

24.10.2019

Алакөлге ұшақпен емін-еркін қатынауға мүмкіндік туады. Көп ұзамай, шипалы көл орналасқан Үржар ауылындағы әуежай жаңғыртудан өтеді. 55 жылдық тарихы бар бекет халықаралық стандарттарға сай жөнделмек. Құрлыс жұмыстары келер жылдан басталып, екі жылда аяқталады. Осыған дейін тек АН-24 ұшақтарын ғана қабылдап келген ұшып-қону жолақтары ұзартылып, ірі әуе көліктеріне лайықталады. Жаңғырту жұмыстары Үржар өңіріндегі шипалы көлге жаз мезгілінде туристердің бөгетсіз қатынауына жол ашпақ. Алакөлге жазда 1 миллионға жуық адам келетіндігін ескерсек, жаңа әуежай іске қосылса туристердің саны еселеп артады.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

Тағы басқа компаниялар бізге ұсыныстарын беріп отыр. Егер сіздердің жобаларыңыз аяқталатын болса, бізде кіреміз деп. Қай қала болмасын қабылдай аламыз.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу