Жаңа iPhone алу үшін қазақстандықтар бір тиын шығармай 64 күн жұмыс істеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа iPhone алу үшін қазақстандықтар бір тиын шығармай 64 күн жұмыс істеуі керек

05.11.2020
Жаңа iPhone алу үшін қазақстандықтар бір тиын шығармай 64 күн жұмыс істеуі керек

Ranking.kz сапаршылары iPhone 12 Pro смартфонының бағасын қазақстандықтардың орташа жалақысымен салыстырып көрді. Яғни, Apple-дің жаңа өнімін алу үшін қазақстандықтар қанша жалақысын қосу керек?

Елдегі ірі электроника дүкендерінде 128 Гб жадысы бар iPhone 12 Pro-ның бағасы 620 мың теңге тұрады. Ал 2020 жылдың III тоқсанындағы қазақстандықтардың орташа жалақысы 204,3 мың теңгені құрайды. Осы орайда тұрғындар бұл iPhone-ды алу үшін орташа есеппен 64 күн жұмыс істеуі тиіс. Нақтырақ айтқанда, олар тамақ, басқа да қызметтер мен коммуналдық төлемдер шығынысыз екі айдан астам тынбай еңбек етуі керек.

Аймақтар бойынша салыстырсақ, Phone 12 Pro-ға қол жеткізу үшін атыраулықтар небәрі 37 күндік еңбекақысын жұмсайды екен. Ал Маңғыстау тұрғындары 44 күн, елордалықтар 45 күн, Алматы жұрты 55 күн жұмыс істеуі керек. Ал түркістандықтар бір тиын шығын шығармай-ақ тіпті 3 ай көлемінде (88 күн) еңбек етуі керек. 

Мамандықтар бойынша, жаңа iPhone-ды алу үшін тау-кен ісі саласы мамандары ең аз уақытын жұмсайды екен - 29 күн, қаржы және сақтандыру қызметі мамандары - 34 күн, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет мамандары 41 күн жұмыс істейді.

Сондай-ақ сумен жабдықтау және қоқыс орындарын бақылау орындарының қызметкерлері 99 күндік, ауыл шаруашылығында тер төгіп жүргендер 92 күндік, білім саласы қызметкерлері 89 күндік қызмет ақысын төлеуі керек.

iPhone жалақы орташа жалақы

Хабарламаларға жазылу