IPhone 6 Plus-тен айтарлықтай кемшілік табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

IPhone 6 Plus-тен айтарлықтай кемшілік табылды

24.09.2014
IPhone 6 Plus-тен айтарлықтай кемшілік табылды

Жаңа iPhone 6 Plus иелерінен смартфондардың корпусының майысуына қатысты шағым түскен. Құрылғының майысуы сатып алғаннан кейін  бірнеше күн өткен соң пайда болады екен. Мамандар  iPhone 6 Plus-ты джинс шалбардың қалтасында ұстаса майысуы мүмкін екенін айтады.

iPhone 6 Plus корпусының көлемі 158,1 х 77,8 х 7,1 мм. Бұл – Apple компаниясы шығарған ең үлкен әрі ең жіңішке модель. Бірақ, смартфон кейбір жағдайда сәл майысып, сол күйінде қалып қояды.

Әрине, кім болсын телефонды әдейі майыстырмайды. Демек, бұл - iPhone 6 Plus айтарлықтай  мықты емес дегенді білдіреді.

Apple әзірге бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімдеде жасамады. Алайда, түсіп жатқан шағымдар толастамаса, компанияның қандай да бір шара қолдануына тура келеді.

Фото: hi-tech.mail.ru

Хабарламаларға жазылу