Теңгелік депозиттердің ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгелік депозиттердің ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

05.11.2020
Теңгелік депозиттердің ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі өзгеріссіз қалды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгелік депозиттер бойынша 2020 жылдың желтоқсан айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін бекітті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің мәнін бекіту аясында 26 қазанда оны өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде депозиттер бойынша мөлшерлемелердің көпшілігі өзгерген жоқ.

Қор ұсынатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 24 айлық мерзімді депозиттердің толықтыруға болатын түрі бойынша – 9,1 пайызды, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша – 9,4 пайызды құрады. Депозиттердің осы түрі салымшылар арасында онша танымал емес. Оның үстіне басқа мерзімдерге арналған мерзімді салымдармен салыстырғанда айырмашылығы аз. Банктер осы себептен оларға қатысты пайыздарды біртіндеп төмендетіп жатыр.

Бұл ретте депозиттердің осы түрі бойынша салымшыларға ақша алуға қатысты айтарлықтай шектеу қойылмайды. Сондықтан банктер бұл депозиттер бойынша мерзімділігі үшін сыйлықақы есептемейді.


депозит сыйақы мөлшерлемесі

Хабарламаларға жазылу