Ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан биыл осыған қатысты 75 оқиға тіркелген. Оның басым көпшілігі 2 айдан 15 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Деректерге сүйенсек, еліміздің су алаптарында жалпы саны 195 адам өлімі тіркелген. Соған сәйкес, Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдары бірқатар қауіпсіздік шараларын өткізіп отыр.