Түркістан облысында тігін фабрикасы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында тігін фабрикасы іске қосылады

03.11.2020

Ендігі жылы 150-ге жуық адам жұмыспен қамтылуы мүмкін. Қазақстанда 6 млрд теңгеге тағы бір тігін фабрикасы іске қосылмақ. Кәсіпорын келер жылдан бастап 6,6 тонна тауар шығады деп жоспарланып отыр. Түркістан облысынан шығатын дайын өнім ішкі нарықтан бөлек, Түркияға да жеткізілмек. Бұдан бөлек, Шымкентте 100 млн теңгеге іш киім шығаратын тігін фабрикасын ашу жоспарланып отыр. Бұл кәсіпорын жылына 85 мың өнім шығарады. Жалпы жыл соңына дейін 7 млрд теңгеге жеңіл өнеркәсіпке қатысты 10 жобаның жүзеге асатыны айтылған.  

Ақерке Бектас 


Кәсіпорын Түркістан облысы тігін фабрикасы

Хабарламаларға жазылу