Бір аптада коронавирус жұқтырғандар саны 3 есеге өскен. Кешенің өзінде індет 449 адамнан анықталды. Мұның тең жартысы, яғни 226 жағдай Шығыс Қазақстанда тіркеліп отыр.
Ал вирусты пневмониямен ауырған науқас саны әжептәуір төмендеді. Кеше елімізде 9 адам ауырып, 2 адам қайтыс болды.