Елордада Халыққа қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Халыққа қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды

02.11.2020

Елордада 2 бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығына айыппұл салынды. Кезекті рейд барысында бұл мекемелер карантин талаптарын сақтамаған. Мәселен, Есіл ауданындағы орталыққа келушілердің дене қызуы өлшенбеген, әлеуметтік арақашықтық сақталмаған және бетперде кию тәртібі бұзылған. Енді мекеменің әрқайсысы 305 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді.   

Нұрбек Қуанышбеков, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалайтын басқарма басшысының орынбасары: 
-Полиция басқармасымен осы аудандық рапорт жіберілетін болады. Қысқартылған түрде 115 АЕК айыппұл салынған болатын. Қысқартылған жеңілдік бойынша бір апта ішінде төлеуі тиіс.  

Сондай-ақ, карантин талабын сақтамаған түнгі клубқа айыппұл салынады. Полиция түнгі клубта 500-ге жуық адамның көңіл көтеріп жүргенін анықтаған. Клиенттер мен қызметкерлер есікті ішінен жауып алған. Заңсыз жұмыс істегенімен қоймай, бетперде тақпаған, арақашықтықты ескермеген. Дәл осындай тәртіп бұзушылық Қорғалжың тас жолында орналасақан «Зима» клубында да анықталды. Енді бұл мекемелер қомақты айыппұл төлейді.

Дарын Сағитов  


Елорда Халыққа қызмет көрсету орталығы айыппұл

Хабарламаларға жазылу