Brent баррелі 37 долларға дейін түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Brent баррелі 37 долларға дейін түсті

02.11.2020

Еуропадағы локдаун қара алтын құнын тағы құлдыратты. Әлемдегі эпидемиология жағдайдың нашарлауы мұнай тұтыну көлемін азайтып жатыр. Brent 2,11%-ке төмендеп, баррелі 37 долларға бір-ақ түсті. Ал WTІ шамамен 3 пайызға дейін арзандап, 35 долларды құрады. Бағаның құлдырауы ұлттық валютаға да әсерін тигізбей қоймады. Доллар 432 теңге 64 тиынға теңесті. Ұлттық валюта АҚШ ақшасына шаққанда шамамен 2 теңгеге құнсызданды.

Ақерке Бектас 


Brent локдаун қара алтын Доллар Ұлттық валюта

Хабарламаларға жазылу