«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтеді

02.11.2020

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросы 24 қарашада өтеді. Бұл туралы Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің бюросын 2020 жылғы 24 қарашада шақыру туралы қаулыға қол қойды», - деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары. 

Ал «Nur Otan»-ның кезектен тыс ХХ съезі 25 қарашада өтеді. Бұл туралы да Бауыржан Байбек әлеуметтік желіде хабарлады.

Оңғар Алпысбайұлы

Nur Otan Нұрсұлтан Назарбаев съезд

Хабарламаларға жазылу