Тоқаев 2021 жылы амнистия жасалатынын айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев 2021 жылы амнистия жасалатынын айтты

01.11.2020

Президент коронавирус пандемиясы кезінде уақытпен санаспай өз міндеттерін абыроймен атқарған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Дегенмен биыл Қордай ауданында және Сәтпаев қаласында болған қайғылы оқиғалардан сабақ алу қажет, деді Қ.Тоқаев. Төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өткен, сонда.  

- Халықпен ашық диалог жүргізу керек. Олардың жергілікті полициядан не күтетінін біліп, көмек керек кезінде қастарынан табылуы қажет. Отандастарымыздың сеніміне басқаша ие болу мүмкін емес, – деді Президент.
Тағы бір цитата: – Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

Иә, полиция ешнәрсеге қарамай, мемлекеттің тірек институты. Бірақ «бірнәрсе» болады да тұрады. Жақында Семей өңіріндегі Мақаншы ауылында полиция бөлімінде ауыл тұрғыны қаза тапты. Ол туралы сәл кейін. Қазір Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісіндегі тезистерді Ақерке Бектас баяндайды.


Тоқаев 2021 жыл амнистия

Хабарламаларға жазылу