Пайыздарын жасырып, жұртты алдайтын ломбардтар мен шағын қаржы ұйымдары да азаймай тұр. Өткен айдың өзінде 200-ге жуық заңбұзушылық анықталған. Онлайн несие беретін фирмалар жылдық мөлшерлемелерін жасырып, аңғал жұртты алдаса, ломбардтар пайыздарын заңсыз өсірген. Қазір осындай шағын қаржы ұйымдары жаппай тексеріліп жатыр. Өткен айдың өзінде оларға 13 миллион теңгеге айыппұл салынған.
Досжан Маратұлы