Kaspi Bank-ті тонағандар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kaspi Bank-ті тонағандар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

30.10.2020

Банк бөлімшесіне шабуыл жасағандардың қылмысы дәлелденсе 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің өкілі айтты. Қазір күдікке ілінген үшеу қамауға алынды. Екеуінің қолдарына Алматыда кісен салынса, үшіншісі Орал қаласында құрыққа ілінді. Еске салайық, 15 қазан күні мегаполисте қаруланған екі адам банк бөлімшесіне басып кіріп, екі миллион теңгені қолды қылған. Қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі:
-Бұл қылмысты бір-бірімен дос үш азамат жасады. Алдын ала дайындалған көрінеді. Қылмысты жасаған кезде сезіктілердің бірі қолына қару ұстаған. Бұл қару сезіктілердің біріне тиесілі аңшы мылтығы болып шықты. 

Қуан Нұрақын 

Kaspi Bank бөлімше тонау полиция департаменті

Хабарламаларға жазылу