Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 18 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 18 мыңнан асты

30.10.2020

Беларусь көрші елдерде коронавирустың өршуіне байланысты шекарасын уақытша жапты. Латвия, Литва, Польша, Украина азаматтарына елге кіруге тыйым салынды. Қазір бұл елде күніне мыңға жуық адамнан инфекция анықталуда. 

Ресейде жаңа рекорд. Бір тәулікте ковид жұқтырғандар саны 18 мыңнан асты. 355 адам аурудан көз жұмды. Эпидахуал әсіресе Мәскеуде өршіп тұр. Мамандардың хабарлауынша, инфекцияға қарсы вакцина келесі айда жаппай егіле бастауы мүмкін.

Францияда қайта жарияланған локдаунға қарсы халық наразылық білдіріп жатыр. Жұмыс орындары жабылып, азаматтар үйден шығу үшін арнайы құжат алып жүруі тиіс. Тұрғындар мұндай шектеулерді заңсыз деп отыр. Қатаң тәртіп желтоқсанның 1-не дейін созылмақ.

Еуропада коронавирустың жылдам таралуына оның мутацияланған түрі себепші. Ғалымдардың мәлімдеуінше, инфекцияның жаңа штамы аса қауіпті емес, алайда оның адамнан адамға жұғу қабілеті 10 есе артық. Вирустың аталған түрі Еуропаның бірнеше елінде анықталып отыр. 

Жансая Қапасқызы


Ресей коронавирус мәскеу

Хабарламаларға жазылу