Францияның Ницца қалассындағы шіркеуде 3 адамды мерт қылған күдіктінің кім екені анықталды. Ол 21 жасар тунистік мигрант. Францияда заңсыз жүрген күдіктіге қарсы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оған Ниццадағы Нотр-Дам шіркеуінде екі әйел мен бір ер адамды өлтірді деген айып тағылып отыр. Осыдан кейін бүкіл ел аумағында лаңкестікке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Жансая Қапасқызы