«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев ақтөбелік медицина қызметкерлерімен кездесті. Ол бұған дейін қызметте жүріп, індет жұқтырған ақ халаттыларға арналған төлемді қайта қарауды ұсынып, тиісті органдарға депутаттық сауал жолдаған болатын. Кездесуде пандемия кезінде аянбай еңбек еткен дәрігерлерге алғыс хаттар мен медальдар тапсырылды.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Медицина қызметкерлеріне ерекше назар аударуымыз керек. Маңғыстауда да, Қызылордада, Жамбылда, басқа аймақтарда болған кезде осы медициналық ұжымдардан ең өзекті қазіргі кезде проблемалар қандай деп сұрасам, төлем мәселесін айтады.
Жақсыбек Кемал