Теңге құлдырап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңге құлдырап жатыр

29.10.2020

Елімізде теңге тағы құлдырап жатыр. Қор биржасындағы саудада бүгін ұлттық валютамыз долларға шаққанда 2 теңгедей арзандап, 432 теңгеден асып кетті. Тіпті ақша айырбастау орындарында 435 теңгеден сатылып жатыр. 

Сарапшылар бұған әдеттегідей, қара алтын бағасының арзандауы себеп дейді. Қазір әлемде мұнай өндірісі артып, сұраныс азайған. Сол үшін баға құбылып тұр. Оның үстіне Ресей рублі де арзандап жатқаны белгілі. Ортақ нарық болған соң, теңге де Ресей ақшасының артынан құлдырап жатыр дейді мамандар. 

Бүгінгі валюта бағамы АҚШ доллары – 432,4; Еуро – 508,5; Рубль - 5,4 теңгеге тең. 

Досжан Маратұлы

Теңге Қор биржасы ұлттық валюта доллар

Хабарламаларға жазылу