Интернеті жоқ тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге тыйым салынады - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Интернеті жоқ тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге тыйым салынады - министр

29.10.2020
Интернеті жоқ тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге тыйым салынады - министр

Оптикалық каналдары жоқ тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге тыйым салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті.

«Біз интернеттің сапасына қойылатын талаптарды және көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылауды күшейтетін боламыз. Радиожиілікті бөлу стандарттары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл бізге латифундизммен күресуге көмектеседі. Сондай-ақ оптикалық каналдары жоқ тұрғын үй кешендерін пайдалануға беруге тыйым салынады. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келістік», - деді ол.

Министр сонымен қатар салалық заңнама талаптарын бұзғандарға айыппұл сомасы ұлғайтылатынын да айта кетті.


интернет сапасы интернет брифинг

Хабарламаларға жазылу