Шығыста бүгіннен бастап шектеу шаралары қайта күшейді. Облыстағы бас санитардың жаңа қаулысымен Өскемендегі мәдени нысандардың, бассейн мен монша, кітапхана және музейлердің жұмысына тыйым салынды. Спорттық-сауықтыру кешендері де жұмысын тоқтатты.
Ал аймақтың басқа өңірлерінде бұл нысандар санитарлық талаптарды қатаң сақтай отыра әрі қарай жұмыс істей береді. Қауіпті вирустың таралуына жол бермеу үшін қалааралық автобустар да жүрмейді. Жасы 65-тен асқан адамдарға сыртқа шықпауға кеңес беріледі. Жұмыс берушілер қызметкерлердің кем дегенде 60 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруы тиіс. Қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуы қатаң тексеріліп жатыр. Мысалы, тек соңғы 10 күнде Семейде карантинді бұзған 100-ге жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Берік Көшербай