Микроқаржы ұйымдарының жұмысына өзгеріс енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Микроқаржы ұйымдарының жұмысына өзгеріс енгізілді

27.10.2020

Микроқаржы ұйымдары қарыз алушыға кредитті кешіктіргені туралы 15 күн бұрын ескертуі тиіс. Ал несие алған азамат қарызды 30 күн ішінде қайтару туралы өтініш бере алады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі сотқа дейінгі есеп айырысудың жаңа тәртібін жасады. Агенттік өкілдерінің айтуынша, микроқаржы ұйымдары кредит кешіктірілген соң азаматтан ақшаны мәжбүрлеп өндіреді. Қарыз алушыға қосымша уақыт пен мүмкіндік берілмеген соң ол тағы несие алып, қарызға батады. Талапты реттейтін өзгеріс 1 айдан соң күшіне енеді. 

Ақерке Бектас                                                          

Микроқаржы ұйымдары несие

Хабарламаларға жазылу