Қызылордадағы қоймаға 14 вагон көмір жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы қоймаға 14 вагон көмір жеткізілді

27.10.2020

Қызылордада көмір тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Күне кеше қойма алдында 70-тен аса жүк көлігі ұзын-сонар кезекте тұрған. Әбден әбігерге түскен тұрғындардың базынасы Ұлттық арнадан көрсетілген болатын. Ал бүгін көптің талап-тілегі ескеріліп, жергілікті билік шұғыл шаралар қабылдады. Бүгін қатты отын тиелген 14 вагон қаладағы қоймаға жетті. Бірнеше күннен бері көмірге қол жеткізе алмай, көлігінде түнеген жүргізушілер қажетті көмірін артып алып, ауыл аймаққа тасымалдауға кірісті. Жалпы өңірде көмір қорын ұлғайту бағытында кен орындарымен қосымша келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Әділбек Серікұлы

Қызылорда қойма көмір

Хабарламаларға жазылу