Алматы облысында қой бағудың жаңа әдісі таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қой бағудың жаңа әдісі таныстырылды

27.10.2020

Алматы облысында қой шаруашылығымен айналысатын шаруалар инновацияға бет бұрды. Асыл тұқымды қошқар мен қойдан бір мезетте 5-7 эмбрионға дейін алып, оны аналық саулықтарға салып уақыт үнемдемек. Бір шаруашылықтың малын асылдандырудың ең оңтайлы жолы осы дейді ғалымдар. Олар ротациялық жайылымның мал шаруашылығын дамытуға пайдасы орасан екенін айтады. Суармалы алқапты бірнеше бөлікке бөліп қоршап, әр қоршауға белгілі мөлшерде мал жайып, ауыстырып отыру әлдеқайда тиімді. Бұл жерге 13 түрлі шөп егіледі. Және бір рет егілген шөп 25 жылға жетеді. Мал жаюдың мұндай әдісін елімізде алғашқы болып Алматы облысының қойшылары қолға алды.

Қуаныш Қанатұлы

қой қой шаруашылығы Алматы олысы

Хабарламаларға жазылу