Ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, анықтамасы жоқ адамдарды ұшаққа мінгізбеу туралы талап тек шет ел азаматтарына ғана қатысты.
«ҚР аумағында коронавирус инфекциянсының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия биыл 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз Отанына оралуға құқығы бар», - деп хабарлайды комиссия.
Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін ел азаматтары ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге жатады. Қазақстан ішінде ұшу үшін ПТР-тест анықтамасы керек емес.